Бүгін, 20 ақпанда Қытай астанасы Бейжіңде қысқы ХХІV Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бейжіңде өткен Олимпиада-2022 ойындарына 91 елдің спортшылары қатысты. Жалпы алғанда, 109 жүлде сарапқа салынды.
Қазақстан құрамасын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев бастап шықты.
Айта кетсек, Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасы 16 алтын, 8 күміс және 13 қола медаль иеленіп, үздіктер көшін бастады.
Екінші орынға 12 алтын, 10 күміс және 5 қола медаль ұтып алған Германия құрамасы жайғасты.
Олимиада-2022 ойындарында үздік үштік қатарына 9 алтын, 5 күміс пен 2 қола еншілеген Қытай кірді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасы Бейжің Олимпиадасын жүлдесіз аяқтағанын жазған едік.
Байрақты бәсекеде шорт-трекші Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта жүлдеге бір табан жақын қалып, төртінші орынға табан тіреген болатын. Бұл қазақстандық спортшылар көрсеткен ең үздік нәтиже.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956992-beizinde-qysqy-olimpiada-oiyndarynyn-zabylu-rasimi-otip-zatyr-foto/