jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ардақ Назаров Adal партиясынан кетті

    Әлем чемпионы
    Фото: Отырар арнасы

    Белгілі спортшы әрі жаттықтырушы Ардақ Назаров Adal партиясынан шықты. Бұл туралы партияның хатшысы Нұрлыбек Мұқанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Мұқановтың айтуынша, саяси кеңес мүшелері Алмазбек Садырбаев пен Ардақ Назаровтан арыздар келіп түскен. Олардың өз шешімімен саяси кеңес мүшесінен шыққаны белгілі болды.

    "Қосымша түрде делегаттарға Қызылорда филиалының басшысы Балғынбек Жақсылықов, Алматы облысынан Ләззат Шыңғысбаева, Орталық аппараттағы өңірлердің үйлестірушісі Ақмарал Бекмұрзаева және Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Нұрлыбек Әбіловты саяси кеңес мүшесіне қабылдауды ұсынамын", - деді ол. 

    Өз кезегінде партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев Алмазбек Садырбаев пен Ардақ Назаровтың партиядан кету себебін түсіндіріп кетті.

    "Осы орайда түсінбеушілік орнауы мүмкін. Алмазбек Садырбаев пен Ардақ Назаровтың саяси кеңестен шығуына AMANAT-қа қосылу себеп емес. Олар бұл шешімді осыған дейін қабылдады. Алмазбек Садырбаев екі ай бұрын осындай шешім қабылдады. Сол себепті олардың партиядан кетуі жақын уақыттағы шешімдерге байланысты емес екенін айтқым келеді", - деді Жұмағазиев. 

    Ардақ Назаров Adal партиясынан кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.