Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 жасар франциялық теннисші қарсыласын соққының астына алды

Опубликовано:

15 жасар теннисші қарсыласын ұрып тастады
Көрнекі фото: pixabay.com

15 жасар франциялық теннисші Мишель Куаме Аккра қаласында (Гана) өткен жасөспірімдер арасындағы ITF турнирінде жанжал шығарды. Жеңіліп қалған француз теннисшісі қарсыласын соққының астына алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі sport-express жаңалықтарына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер рейтингінде 589-орында тұрған Мишель Куаме бірінші айналымда ганалық Рафаэль Нии Анкрадан 2:6, 7:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтан кейінгі қол алысу кезінде француз 16 жастағы қарсыласын күтпеген жерден шапалақпен салып қалды.

Осыдан кейін теннисшілер арасында да, олардың трибунадағы өкілдері арасында да төбелес басталып кетті.

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) бұзақыға шара қолдануға уәде берді. Бұл жағдайға қарамастан, Мишель Куаме турнирде жұптық сайыста өнер көрсетіп жатыр.

Ал жасөспірімдер рейтингінде 1708-орында Рафаэль Нии Анкра турнирде өнер көрсетуді жалғастыруда. Теннисші екінші раундта отандасы Измаил Нии Нортей Довуонамен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1963585-15-zasar-franciyalyq-tennissi-qarsylasyn-soqqynyn-astyna-aldy/

pixel