Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты: Қазақстандық Михаил Шайдоров күміс медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Михаил Шайдоров спортшы
Михаил Шайдоров. Скриншот: Youtube/ ISU Skating

Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров жүлдегерлер қатарына ілікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлер арасындағы бәсекеде бақ сынаған Шайдоров қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 75,14 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтаған болатын.

Еркін бағдарламада мінсіз өнер көрсеткен Михаилға төрешілер жоғары ұпай беріп, қазақстандық спортшы күміс медаль жеңіп алды.

Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша (234,31) америкалық Илья Малининге ғана жол берген. Қола медальді Жапония өкілі Тацуя Цубои еншілеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан жүлде алған емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1965394-manerlep-syrganau-qazaqstandyq-mixail-saidorov-kumis-medal-zenip-aldy/

pixel