Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мақсатыма жеттім": Азия чемпионы атанған Бақбергенова өз өнеріне баға берді

Опубликовано:

Балуан
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өткен Азия біріншілігінде алтыннан алқа таққан Мадина Бақбергенова байрақты бәсекені қорытындылады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

"Шүкір, алға қойған максатыма жеттім. Дайындығымызды осы елде шыңдадық. Моңғолияда екі апта оқу-жаттығу жиыны өтті. Жақсы бабымда келдім.

Біз әр қарсыласыма дайындалдық. Бапкерім әрқайсысына қарсы тактика қойып берді. Сол әдістерді ұстанып күрестім. Бапкерімнің кеңестерін ескердім.

Алдымызда үлкен жарыстар күтіп тұр, соларға жақсылап дайындалуды жоспарлап отырмын",-деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Бақбергенованың әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанғанын жазған едік.

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан байрақты бәсекеде отандасымыз 68 келі салмақта белдесті. Мадина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Мейірім Жұманазаровадан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1966292-maqsatyma-zettim-aziya-cempiony-atangan-baqbergenova-oz-onerine-baga-berdi/