Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Опубликовано:

Балуан қыз
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Жұлдыз Ешимова әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір қола жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Әйелдер күресі бойынша 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жұлдыз Ешимова жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ол жұбаныш финалында өзбекстандық Актенге Кеунимжаевамен кездесті.

Екеуара кездесу 5-1 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.

Айта кетейік, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының аталмыш құрлық біріншілігіндегі төртінші медалі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1966417-aziya-cempionaty-qazaqstan-qorzynyna-tagy-bir-medal-tusti/