Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей 2023 жылы өтетін жазғы Универсиададан шеттетілді

Опубликовано:

Универсиада
Фото: ekat2023.com

Университеттік спорттың халықаралық федерациясы (FISU) жазғы Универсиада-2022-ні Екатеринбургтен (Ресей) ресми түрде ауыстырды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.

"FISU атқарушы комитетінің онлайн отырысында 2023 жылғы Дүниежүзілік студенттік ойындарын Екатеринбург қаласынан ауыстыру туралы шешім қабылданды",- делінген федерация хабарламасында.

Сондай-ақ, FISU шараларына Ресей мен Беларусь елдерінің спортшыларына қатысуға уақытша тыйым салынды.

Айта кетейік, жазғы Универсиада 2023 жылдың 7-19 тамызы аралығында өтуі тиіс болған. Турнирде 18 спорт түрінен медаль сарапқа салынбақ еді.

Әзірге ойындарды өткізетін жаңа орын анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1967461-resei-2023-zyly-otetin-zazgy-universiadadan-settetildi/

pixel