jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Енді менің көмектесетін кезегім": Елена Рыбакина жүлде қорын қалай жұмсайтынын айтты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: primeminister.kz

    Теннисші Елена Рыбакина премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездесу барысында "Умбилдон" турнирінің чемпионына берілген жүлде қорын қалай жұмсайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Айта кетейік, Елена Рыбакинаға "Умбилдон" турниріндегі жеңісі үшін 2 миллион фунт (шамамен 1,1 млрд теңге) тиесілі.

    Теннисшінің сөзінше, бұл қаражаттың бір бөлігін ол елімізде қайырымдылыққа және жас спортшыларды қолдауға жұмсайды.

    "Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім", - дейді ол.

    Сондай-ақ спортшы қаражаттың тағы бір бөлігін жануарларға көмектесуге жұмсауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

    Сонымен қатар кездесу барысында теннисші алдағы жоспары туралы да айта кетті.

    "Бірнеше күннен кейін АҚШ -та өтетін турнирлерге дайындала бастаймын. Биылғы мақсат – әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіру. Басты мақсат – бірінші болу. Мен бұған ұмтыламын және бар күш-жігерімді саламын", - дейді Елена Рыбакина.

    Еске сала кетсек, осы кездесу барысында үкімет басшысы теннисшіге II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

    "Енді менің көмектесетін кезегім": Елена Рыбакина жүлде қорын қалай жұмсайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.