Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылатын болды

Опубликовано:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасы кезінде тиімсіз жұмсалған қаражат ел бюджетіне қайтарылды. Бұл туралы Есеп комитеті мәлімдеді, деп жазады Астана арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құзырлы мекеме Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне аудит жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтаған.

Нәтижесінде 1,3 миллион теңге республикалық бюджетке қайтарылды.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына ел атынан 95 спортшы барып, спорттың 5 түрінен 8 қола медаль ғана бұйырған еді.

Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері тіркелген ең төмен нәтиже. Бұған дейін Қазақстан командасы жазғы Олимпиада ойындарынан алтынсыз келген емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1980510-tokio-olimpiadasynda-tiimsiz-zumsalgan-qarazat-byudzetke-qaitarylatyn-boldy/