Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің ұлттық құрамасы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандық шахматшылар Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sports.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басылымның хабарлауынша, құрамында Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Мұртас Қажағалеев, Арыстанбек Уразаев және Қазыбек Нөгербек бар ерлер құрамасы Қытайдың Тайпей командасына қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жеткен.

Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Гүлісхан Нахбаева және Назерке Нұрғали өнер көрсететін Қазақстан әйелдер құрамасы Гватемала құрамасын 4:0 есебімен ұтқан.

Еске сала кетейік, кеше, 29 шілдеде Қазақстан шахмат федерациясы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының ашылу салтанатында ұлттық құраманың неліктен мемлекеттік тусыз шыққанын түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1980973-elimizdin-ulttyq-quramasy-duniezuzilik-saxmat-olimpiadasyn-zenispen-bastady/