Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда Ислам ойындары ашылды: Қазақстан намысын 125 спортшы қорғап жатыр

Жарияланған күні:

Түркияда Ислам ойындарының ашылу салтанатты өтті
Ислам ойындарына қатысатын Қазақстан командасы. Фото: Спортты дамыту басқармасы

Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастығы V ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне бірнеше елдің президенттері келіп, Қазақстан байрағын шпагашы Ерлік Сертай көтеріп шықты, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Салтанатты шараға Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Хусейн Ибрагим Таха, сондай-ақ бірқатар елдердің үкімет басшылары мен министрлері арнайы қатысты.

Дүбірлі додада 56 елден 4200 спортшы бақ сынауда. Қазақстан намысын спорттың 16 түрінен 125 атлет қорғайды.

Спортшылар шеруінде Қазақстанның туын көтеру құрметіне семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионы – Ерлік Сертай ие болды.

“V Ислам ынтымақтастық ойындарының ашылу салтанатында туды ұстап шығу мәртебесін маған сеніп тапсырғаны үшін Қазақстан мен еліміздің спорт қоғамына алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік және абырой. Алдағы жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел сенімін ақтаймыз деген үміттемін” - деді Ерлік Сертай.

Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасын бастап барған Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова спортшылар бабында екенін жеткізді.

"Салтанатты ашылу рәсімі бүгін өтіп жатқанымен спорт түрлерінен жарыстар 5 тамызда бастау алған болатын. Қазіргі таңда ел құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Спортшыларымыз жақсы дайындықпен келді. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған "- деп атап өтті Айгүл Бақытжанқызы.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін отандық спортшылар екі Ислам ынтымақтастық ойындарына қатысып, 2017 жылғы ІV Ислам ынтымақтастық ойындарына Қазақстан құрамасы қатарында 7 спорт түрінен 35 спортшы өнер көрсетіп, нәтижесінде 2 алтын, 5 күміс, 12 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 14 орынға орныққан болатын.

V Ислам ынтымақтастық ойындары 2021 жылы өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты 1 жылға кейінге қалдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1982637-turkiyada-islam-oiyndary-asyldy-qazaqstan-namysyn-125-sportsy-qorgap-zatyr/