Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Велоспорттан Қазақстан командасының үздігі Алексей Луценко ұлды болды

Опубликовано:

Велоспортшы Алексей Луценко ұлды болды
Алексей Луценко жұбайы Еленамен. Фото: instagram/lutsenko_alexey

Велоспорттан Қазақстан командасының үздігі, Astana Qazaqstan Team капитаны Алексей Луценконың үшінші баласы дүниге келді. Бұл туралы кәсіби велоспортшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

29 жастағы спортшының жұбайы Елена өмірге ер бала әкелді. Ерлі-зайыптылар әкесінің құрметінде сәбиге Алексей есімін берген.

"Біздің өміріміздегі тағы бір маңызды сәт... Бұл кезде сенімен бірге болу өте керемет. Жанұямыз үлкейіп жатыр. Қош келдің, Алексей", - деп жазды Луценко.

Еске сала кетейік, Алексей мен Елена Луценколар Злата және Роман есімді екі баланы тәрбиелеп отыр.

Алексей Луценко тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасының үздігі. 2021 жылы ол "Тур де Франс" турнирінің бір кезеңінде топ жарды.

Сондай-ақ, Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғап, 2018 жылғы Азия ойындарында жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985352-velosporttan-qazaqstan-komandasynyn-uzdigi-aleksei-lucenko-uldy-boldy/

pixel