Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы Жапониядан үлкен айырмашылықпен ұтылды

Опубликовано:

Қазақстан Жапониядан ірі есеппен ұтылды
Жапония-Қазақстан матчы. Фото: nbf.kz

Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы 2023 жылғы әлем кубогіне іріктеу кезеңі аясында Жапония құрамасынан үлкен айырмашылықпен ұтылды, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

F тобындағы екінші кездесуді қазақстандықтар сырт алаңда өткізді. Окинава қаласында өткен матчта қазақстандықтар азулы қарсыластарымен ең соңғы кезеңге дейін тең ойнады.

Алайда соңғы айналымда құраманың қорғанысы сыр беріп, 48:73 есебімен Жапониядан ойсырай ұтылған.

Аталған матчта 18 ұпай жинаған Антон Быков Қазақстан командасының үздік ойыншысы атанды. Ал команда капитаны Рустам Мырзағалиев айтарлықтай көзге түскен жоқ.

Баскетболдан Қазақстан ерлер командасын Олег Киселев жаттықтырады.

Айта кетелік, F тобындағы алғашқы кездесуде қазақстандықтар Қытай құрамасына жол берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985422-basketboldan-qazaqstan-erler-komandasy-zaponiyadan-iri-eseppen-utyldy/

pixel