Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

US Open: Юлия Путинцеваның кезекті қарсыласы анықталды

Опубликовано:

Юлия Путинцеваның қарсыласы анықталды
Юлия Путинцева: ktf.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің 38-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимоваға қарсы өткізді.

Қарсыластар осыған дейін бір рет жолығып, онда америкалық спортшы ұтқан еді. Бұл жолы қазақстандық теннисші 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 брейкпен (14 брейк-пойнт) шектелді.

Юлия екінші айналымда германиялық Юле Нимайермен кезедеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985522-yuliya-putinceva/

pixel