Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

US Open: Путинцева жеңіліп, Данилина келесі кезеңге шықты

Опубликовано:

Анна Данилина US Open турнирінің екінші кезеңіне өтті
Анна Данилина. Фото: ktf.kz

АҚШ ашық чемпионатында қазақстандық Юлия Путинцева жекелей сында ұтылып қалды. Ал Анна Данилина жұптық сында екініші айналымға өтті, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлемнің 38-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 108-ракеткасы, германиялық Юле Нимайермен шеберлік байқасты. Германия спортшысы 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Данилина бразилиялық Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда сербиялық Александра Крунич пен Польша өкілі Магда Линетке қарсы ойнады. Қазақстандық-бразилиялық дуэт 6:2, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя екінші айналымда испаниялық Алена Большова – норвегиялық Ульрикке Эйкеримен сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985878-us-open-putinceva-zenilip-danilina-kelesi-kezenge-syqty/

pixel