Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге әйгілі теннисшілер Энди Маррей мен Даниил Медведев Қазақстанға келе жатыр

Опубликовано:

Әлемге әйгілі Энди Маррей Қазақстанға келеді
Энди Маррей: championat.ru

Нұр-Сұлтанда теннистен Astana Open ATP 500 ірі халықаралық жарысы өтеді. Аталған сынға әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирінің үш дүркін чемпионы Энди Маррей қатысады, деп хабарлайды федерацияның ресми сайты.

Ұлыбританиялық теннисші жарысты ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.

Энди Маррей – үш бірдей "Үлкен дулыға" додасында (Wimbledon – 2013, 2016, US Open-2012) үздік шыққан. Сонымен қатар, теннис тарихында ерлер арасындағы жекелей сында екі мәрте Олимпиада чемпионы атанған жалғыз спортшы.

1-9 қазан аралығында елордадағы ұлттық теннис орталығында өтетін айтулы додада Энди Маррейден басқа "Үлкен дулыға" турнирлерінің чемпиондары: Даниил Медведев (US Open-2021), Марин Чилич (US Open-2014) және Стэн Вавринка (Australian Open-2014, Roland Garros-2015, US Open-2016) бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1987101-alemge-aigili-tennissiler-endi-marrei-men-daniil-medvedev-qazaqstanga-kele-zatyr/

pixel