jitsu gif
Спорт

    "Ұлттық құрама үшін барымызды саламыз": Бублик Дэвис кубогінің қарсаңында өз ойын айтты

    Александр Бублик Дэвис кубогінде бақ сынайды
    Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Дэвис кубогы топтық кезеңі алдында өз ой-толғамын бөлісті, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оның айтуынша, Қазақстан ойнайтын D тобына өте мықты командалар түскен.

    "Финалдық кезеңде өнер көрсететін 16 құраманың қай-қайсысы да осал емес. Біздің күшті топқа түскеніміз, бір жағынан, жақсы. Өйткені мұқият ойнаймыз, намысты қолдан бермесіміз анық.

    Теннисте фавориттер әдетте жеңіске жетеді. Алайда "Дэвс кубогінің өз ерекшелігі бар, мұнда бәрі рейтингке байланысты емес. Біз ұлттық құрамаға әрдайым жеңіс үшін келеміз. Сондықтан Нидерланд, АҚШ және Ұлыбританиямен өтетін матчтарда барымызды саламыз", - деді Бублик.

    Қарсылас командалар құрамында бірқатар өзгерістер болды: US Open турнирінің жартылай финалисі Фрэнсис Тиафо АҚШ-қа көмектесе алмайды.

    Қазақстан бірінші кездесуін Нидерландпен 13 қыркүйек күні өткізеді. Матч елорда уақытымен сағат 21.00-де басталады.

    "Ұлттық құрама үшін барымызды саламыз": Бублик Дэвис кубогінің қарсаңында өз ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.