Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дэвис кубогі: Қазақстан алғашқы матчта Нидерландқа есе жіберді

Опубликовано:

Теннистен Қазақстан командасы Нидерландтан ұтылды
Недовесов пен Бублик: ktf.kz

Дэвис кубогі аясында Нидерланд командасымен кездескен Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Дэвис кубогінің топтық кезеңі Болонье, Глазго, Гамбург және Валенсияда өтіп жатыр.

Глазгода өткен D тобындағы кездесуде Қазақстан мен Нидерланд кездесіп, еуропалықтар жеңіске жетті.

Алдымен Таллон Грикспор қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:1, 3:6, 6:3 есебімен ұтты.

Кейін Александр Бублик 3:6, 6:1, 6:4 есебімен Ботик ван де Зандсхулпқа есе жіберді.

Ал жұптық сында Бублик пен Недовесов Уэсли Колхоф/Матве Мидделкопты 6:4, 1:6, 6:3 есебімен ұтты.

Келесі кезеңде Қазақстан командасы АҚШ-пен ойнайды. Бұл бәсеке 15 қыркүйекке жоспарланған.

Плей-офф турнирі 22-27 қараша күндері Испанияның Малага қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1987657-devis-kubogi-qazaqstan-algasqy-matcta-niderlandqa-ese-ziberdi/

pixel