Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан ұтылып қалды

Опубликовано:

теннис
Фото: ktf.kz

Теннистен Шотландияның Глазго қаласында өтіп жатқан Дэвис Кубогының топтық кезеңіндегі екінші ойында да Қазақстанның ерлер құрамасы жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екінші матчта Қазақстан АҚШ құрамасымен кездесті.

  • Михаил Кукушкин алғашқы кездесуде Томми Полдан 1:6, 4:6 есебімен ұтылды.
  • Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликте есе қайтаратын мүмкіндік болғанымен, үш сетке созылған текетіресте Тэйлор Фрицтің бағы жанды. Есеп: 6:7 (6:8), 6:1, 3:6.
  • Шешуші кездесу жұптық сайыста өтті. Бұл сында отандастарымыздың жолы болып, Александр Недовесов пен Александр Бублик 6:2, 7:6 (8:6) есебімен Раджив Рама/Джек Сок жұбынан айласын асырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы D тобында екінші рет жеңіліске ұшырады. Бұған дейін отандастарымыз Нидерланды құрамасына есе жіберген еді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы шешуші кездесуін 18 қыркүйекте Ұлыбританияға қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1988155-devis-kubogy-qazaqstan-quramasy-aqs-tan-utylyp-qaldy/

pixel