Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдегі турнирдің басты жекпе-жегінде этникалық қазақ жеңіске жетті (видео)

Опубликовано:

Илияс Хамзин
Илияс Хамзин қарсыласын нокаутқа түсірді. Фото: sports.kz

Ресейде тұратын этникалық қазақ Ильяс Хамзин Екатеринбургте өткен RC: Nitro 23 турнирінде өнер көрсетті, деп жазады Sports.kz.

Аралас жекпе-жек шебері бразилиялық Джуниор Оргульомен (16-8) жекпе-жек өткізді. Бұл кездесу турнирдің басты айқасы ретінде тіркеліп, үш раундқа жоспарланды.

Алайда айқас бірінші раундта техникалық нокаутпен Хамзиннің пайдасына шешілді.

Осылайша, этникалық қазақ ММА-дағы кәсіби мансабында он бірінші жеңісіне қол жеткізді. Ал оның қарсыласы тоғызыншы рет ұтылып отыр.

Айта кетейік, Ильяс Хамзин ресейлік Russian Cagefighting Championship лигасында өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1989403-reseidegi-turnirdin-basty-zekpe-zeginde-etnikalyq-qazaq-zeniske-zetti-video/

pixel