4-6 қараша аралығында "Алматы Аренада" Parimatch беттинг-компаниясының қолдауымен GO FACTORY атты үлкен IT-конференциясы өтеді. Конференция қарсаңында қаланың негізгі мерекелік шараларында кибер-киіз үйлер бой көтере бастады. Мұнда қонақтар демалып қана қоймай, сонымен қатар кәсіби киберспортшылармен де таныса алады.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қала күнін тойлау барысында және кезекті Алматы марафонына тіркелу кезінде Parimatch брендімен сәнделген ерекше киіз үйлерді байқауы мүмкін. Қызығушылық танытқан қонақтарды киіз үйдің ішінде промоутерлер жылы қарсы алып, тәттілерді ұсынды және ойын приставкалары орнатылған демалыс орындарына шақырды. Кибер киіз үй – бұл Parimatch пен GO FACTORY дайындап жатқан қызықты шараның шағын ғана көрінісі.
GO FACTORY мен Parimatch – бұл IT индустриясындағы заманауи технологиялар мен трендтердің бірнеше ағындарын біріктіретін ауқымды алаң. Конференцияның ұйымдастырушылары Алматыны ТМД аумағындағы стартаптар мен халықаралық компаниялар үшін ең ірі хабқа айналдыру мақсатын ұстанып отыр. Конференцияға 30 000-нан астам адам қатысады деп күтілуде, оның ішінде кәсіпкерлер, инвесторлар, крипто-әуесқойлары, бейне ойындар мен бағдарламалық жасақтама әзірлеушілері, киберспортшылар мен косплейлер болары анық.
"Бұл тек Қазақстанда ғана емес, тіпті көршілес елдерде де бұрын-соңды болмаған алғашқы ауқымды жоба. Осы уақытқа дейін мұндай фестивальдар тек аталмыш саланың аудиториясына арналған тар бағытта өтіп жүрді. Біз жеті бағытты біріктіріп, өзіміздің және шетелдік мамандардың тәжірибесіне негізделіп кәсіпкерлер мен IT саласының әуесқойлары үшін түсінікті нұсқаулық жасадық. Бізге Techie, WePay, Langame, Smartshell сияқты ірі компаниялардың спикерлері келіп, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа өнімдерін көрсетеді", - деді GO FACTORY фестивалінің құрылтайшысы Әсет Ихсанов.
Үш күн ішінде қатысушылар 30-дан астам сессияларға, пікірталастарға және дөңгелек үстелдерге қатыса алады, мамандандырылған 40 брендпен танысып, керемет шоу-матчтарда нағыз киберспортшылармен кездеседі, тіпті ең танымал онлайн-ойындары бойынша чемпионаттарға қатысуға мүмкіндік алады.
Конференция форматы 7 түрлі "трек" түрінде ұсынылған, олардың әрқайсысы криптовалютадан бастап геймерлер мәдениетінің әлеуметке әсері тақырыптарына дейін IT-индустриясының белгілі бір аспектісін қамтиды. Осылайша, GO FACTORY мен Parimatch әрбір келушіге өзін-өзі дамыту, инвесторларды тарту мен пікірлестерді іздеу мақсатына сай немесе тек ойын тақырыбына қызығушылық білдерген әр адамның жеке қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаны таңдауға мүмкіндік береді.
Parimatch беттинг-компаниясы фестивальдің серіктесі болу ұсынысына алғашқылардың бірі болып жауап берді.
"Parimatch тек беттинг саласында ғана емес, сонымен қатар IT индустриясында да көшбасшы болуға ұмтылады. Бізде озық технологияларды қолдана отырып, инновациялық маркетингтік шешімдерді әзірлеуге арналған Parimatch Tech платформасы бар. Біз Google және MEGOGO кәсіпқойлары қатысқан хакатондар мен жас әзірлеушілерге арналған конкурстар ұйымдастырдық, олардың үздіктері компанияға жұмысқа шақырту алды. GO FACTORY-мен орнатқан ынтымақтастық Қазақстанның озық және технологиялық болашағына жасалған тағы бір қадам болмақ. Жаңа пікірлестерді табу жолында біз мұндай бастамаларды әркез қуана қолдаймыз", - деді Parimatch Kazakhstan басшысы Роман Бойко.
Алдағы фестиваль пилоттық жоба болмақ, оны құрылтайшылар болашақта халықаралық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр. Келесі жылы GO FACTORY Астанада, одан кейін әлемнің басқа ірі қалаларында өтеді деп жоспарлануда.
"Біз GO FACTORY-ді дамытуға көп күш жұмсадық және Parimatch-пен бірге алғашқы шараларды, атап айтқанда, кибер киіз үйлерді жүзеге асырдық. Олар халық арасында үлкен қызығушылық тудырды, тіпті қала әкімдігінің басқару бөлімі ұлттық элементтерді заманауи үрдістермен креативті түрде үйлестіре алғандығымыз үшін бізге мақтау айтты. Біз Parimatch-пен ортақ мақсат үшін - Қазақстанда IT-технологиялар мен киберспортты дамыту бағытында бірге жұмыс істегенімізге өте қуаныштымыз", - деді Әсет Ихсанов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990223-almatyda-parimatch-tyn-kiber-kiiz-uileri-boi-kotere-bastady/