jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды ірі есеппен жеңді (видео)

    көкпар
    Көкпар тартысып жатқан ер азаматтар. Фото: ulttyqatsport.kz

    Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күні көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Қазақпарат.

    Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ойында 8:1 есебі тіркелді.

    Құрманбек Тұрғанбек қатарынан үш салым салса, Абылайхан Нышанбеков, Арман Жамалбеков, Ынтымақ Әліпбаев, Ислам Рәт, Айнабек Бердіқұл бір-бір салымға ие болды.

    Айта кетейік, көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен өнер көрсетпек. Олар: көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көкбөрі.

    Жарыстың алғашқы күні дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат, Али Сессигузель, Азамат Нұртаев жартылай финалға жолдама алды.

    Сонымен қатар әйелдер арасында Айым Тілепберген мен Аяулым Аппазова үздік 16 мергеннің қатарынан көрінді.

    Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды ірі есеппен жеңді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.