Астанада шорт-тректен Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Жарыс 5-7 қазан аралығында болады деп жоспарланып отыр.
"Бұл жарыстар Қазақстан құрамасының спортшылары үшін алдағы әлемдік жарыстарға іріктеу кезеңі болып табылады. Алты әйел мен алты ер адам әлем кубогының кезеңдеріне қатысу үшін құрамаға алынады.
Турнирде еліміздің ең мықты спортшылары, сондай-ақ ұлттық команда жетекшілері өнер көрсетеді", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1991036-sort-trekten-qazaqstan-kubogynyn-qai-qalada-otetini-belgili-boldy/