jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионаты: Бүгін ел намысын қорғаған спортшылар қалай өнер көрсетті

    Аруна Жангельдина
    Аруна Жангельдина татамиде. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Бүгін, 11 қазанда дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында үш қазақстандық жарыс жолына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Байрақты бәсекеде 100 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған Ислам Бозбаев пен Шархан Нұрлыхан жүлдегерлер қатарынан көрінген жоқ.

    Ислам Бозбаев екінші айналымда бразилиялық Рафаэль Бузакариниден ұтылды. Ал Шархан Нұрлыхан бірінші кезеңде алжирлік Мустафа Буамарадан айласын асырғанмен, 1/8 финалында Әзербайжан дзюдошысы Зелим Коцоевке есе жіберді.

    Сонымен қатар бүгін татамиге әйелдер арасында 78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аруна Жангелдина шықты. Ол алғашқы айналымда Тайпей спортшысы Лю Ли-Линг Шинді жеңді.

    1/8 финалда отандасымыз үш дүркін Олимпиаданың қола жүлдегері бразилиялық Майра Агиярден айласын асыра алған жоқ.

    Осылайша, бүгінгі жарыс күні қазақстандық спортшылар үшін жүлдесіз аяқталып отыр.

    Айта кетейік, Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынованың ел қоржынына қола медаль салғанын жазған едік. Елдос кіші финалда өзбекстандық балуан Ділшодбек Баратовты ұтты.

    Әлем чемпионаты: Бүгін ел намысын қорғаған спортшылар қалай өнер көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.