Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сабина Бакатова көркем гимнастикадан Гран-при турнирінің қоласын жеңіп алды (видео)

Опубликовано:

Сабина Бакатова таспамен жаттығуда
Сабина Бакатова. Фото: instagram/kazteam_official

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Сабина Бакатова Чехияның Брно қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды. Бұл туралы kazteam_official парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сабина таспамен жаттығуда қола медаль жеңіп алды. Алтын жүлдені словениялық Екатерина Веденеева, күмісті франциялық Лили Рамоначо иеленген.

Қазақстандық гимнаст наурызда Грекияда өткен "Афродита кубогінен" де қоламен оралған болатын.

Сондай-ақ, Сабина Бакатова Ресейдегі Ирина Винер атындағы гимнастика орталығында жаттыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993073-sabina-bakatova-korkem-gimnastikadan-gran-pri-turnirinin-qolasyn-zenip-aldy-video/

pixel