Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анна Данилина Халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты

Опубликовано:

Анна Данилина
Анна Данилина. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жұптасып Гвадалахарадағы (Мексика) WTA сериясы турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші матчта олар Алекс Гуарачи/Андрей Клепач (Чили) дуэтін жеңді.

Қорытынды есеп 6:1, 3:6, 10:5.

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі ең жақсы ойыншылар рейтингінің жаңартылған нұсқаларын жариялаған болатын.

Оған сәйкес, жекелей сында Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 38-ші орынға жайғасып, бес позицияға көтерілді.

Ал жұптық разрядтта Анна Данилина 19-орынға көтеріліп, жеке рекордын қайталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993260-anna-danilina-xalyqaralyq-turnirdin-ekinsi-ainalymyna-syqty/

pixel