Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жетісу облысында шаңғы-биатлон кешенін салуды тапсырды

Опубликовано:

шаңғы
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысында заманауи шаңғы-биатлон кешенін салуды тапсырды. Бұл туралы президент өңірдің жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп жазады Борт №1 Telegram арнасы.

"Үкіметке өңірде заманауи шаңғы-биатлон кешенінің құрылысын қамтамасыз етуді тапсырамын. Ол жаңа чемпиондарды даярлауға негіз болады және облыстың туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік бермек.

Жетісу әрқашан еліміздің спорт орталықтарының бірі болған. Мұнда мықты велоспорт мектебі құрылды. Жақында отандасымыз Евгений Федоров тас жолдағы велоспорттан Аустралияда өткен Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жас чемпион - атақты Андрей Кивилев атындағы жергілікті олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Евгений Федоровты жеңісімен құттықтаймын!

Дәл осындай жетістіктер жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстауға, үлкен мақсаттарға жетуге шабыттандырады", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993572-toqaev-zetisu-oblysynda-sangy-biatlon-kesenin-saludy-tapsyrdy/

pixel