jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Теміртауда 80 жастағы ақсақал зілтемір көтеруден әлем чемпионатына дайындалып жатыр (видео)

    Айтжан Ысқақов әлем чемпионатына дайындалуда
    Айтжан Ысқақов. Скриншот: 24.kz

    Теміртау қаласының 80 жастағы тұрғыны Айтжан Ысқақов пауэрлифтингтен әлем чемпионатына қатысу үшін тынымсыз жаттығып жатыр. Бұл туралы Хабар24 арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Айтжан ақсақал ардаргерлер арасындағы әлем чемпионатының қазіргі жеңімпазы. Ол енді атағын қорғап қалу үшін барын салмақ. Қария жаттығу залына күнде келеді. Оның мақсаты - әлемдік жарыста сәтті өнер көрсету.

    "Жас кезімде өте әлсіз болдым. Әскердегі лақтыру әдісінен соң құлап, тұра алмайтын едім. Сол кезде өзімді қандай еркекпін деп, кінәлағаным рас. Ұят болды. Бізбен бірге Женяның да борышын өтегені жақсы болды. Ол ауыр атлетикадан спорт шебері еді, мені де жаттықтыра бастады", - дейді Айтжан ақсақал.

    Қария әскерден соң да зілтемірді ұмытпай, ауыр атлетикадан спорт шебері дәрежесіне дейін жеткен. Кейін отбасы мен жұмыстан босамай, металлургиялық комбинатта спорттан алыстап қалған. Десе де, араға 30 жыл салып, 66 жасында жаттығу залына қайта оралған.

    Айтжан Ысқақов Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін рекордшысы әрі абсолютті чемпионы.

    Теміртауда 80 жастағы ақсақал зілтемір көтеруден әлем чемпионатына дайындалып жатыр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.