Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің ширек финалына өтті

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик кордта. Фото: Андрей Ударцев/ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің ширек финалына өтті. Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған испаниялық Альберто Рамоспен шеберлік байқасты.

Бублик бұл бәсекеде 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Александр Бублик жүлде қоры 2,1 млн еуродан асатын ірі жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссим немесе рейтингте 28-сатыда тұрған сербиялық Миомир Кецмановичтің біреуімен таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994671-aleksandr-bublik-sveicariyadagy-turnirdin-sirek-finalyna-otti/