Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Анатолий Карпов өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Бұл туралы 112 Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Гроссмейтерге мидың ісігі, бастағы гематома, самай сүйегінің сынуы және травматикалық торлы қабық астына қан құйылуы диагнозы қойылып отыр.

Сондай-ақ, Карповта жабық бас-ми жарақаты мен сан сүйегінің сынығы да бар. Мемлекеттік Дума депутатының жағдайы созылмалы аурулар салдарынан да нашарлап бара жатыр.

Ал ауруханаға жеткізілгенде оның қанынан көп мөлшерде алкоголь табылған. Яғни, бұрынғы шахматшы мас күйінде ауруханаға жеткізілген.

Айта кетелік, Анатолий Карповтың мұндай жарақат алуына құлап қалуы себеп болған. Оған ешкім шабуыл жасамағаны хабарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1995241-saxmattan-buryngy-alem-cempiony-okpeni-zasandy-zeldetu-apparatyna-qosyldy/

pixel