1 қарашада Atameken Business Practicum және Parimatch Kazakhstan компаниясының "Sports & Media deTalks" атты бірлескен жобасы басталады, жоба спорттық журналистиканы дамытуға және Қазақстанның спорт қауымдастығының ішіндегі байланысты нығайтуға бағытталған.
Бүгін жаңа "Sports & Media deTalks" спорттық-медиа жобасы аясында алғашқы шеберлік сағаты өтті. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанның спорттық журналистикасының рөлін күшейту, білім алмасу және спорт тақырыбын күнделікті медиа саласымен бірге алып жүретін сарапшылардың кәсіби қауымдастығын құру болып табылады.
"Біз әртүрлі аудитория үшін Atameken Business Practicum брендімен шеберлік сағаттарын, семинарларды, форумдарды және офлайн жүйесіндегі басқа да іс-шараларды өткізіп жүргенімізге бірнеше жыл болды.
Спорт тақырыбы бізге өте жақын, сондықтан біз серіктесіміз – Parimatch халықаралық беттинг-компаниясының – Қазақстанның спорттық медиа-қауымдастық өкілдеріне өз мамандығының мүмкіндіктеріне кеңірек қарауға, соңғы әлемдік үрдістерді біліп отыруға, ілгері жүруге шабыт алуға мүмкіндік беретін жаңа жоба құру туралы ұсынысын қуана қабыл алдық", - деп "ATAMEKEN BUSINESS" Медиа холдингінің дамыту жөніндегі директоры Руслан Исмаилов пікірін жеткізді.
“Sports & Media deTalks” жобасына қазақстандық сарапшылармен қатар халықаралық деңгейдегі кәсіпқой мамандарды да тарту жоспарлануда. Бұл жолы шеберлік сағатының қатысушыларымен өзінің тәжірибесімен бөліскендер:
- Сергей Райлян – спорт комментаторы, журналист, футбол сарапшысы;
- Ержан Мұқаш – спорт журналисті, Sport Media KZ спорт маркетингі агенттігінің басшысы, "Спорт-NS" радио жүргізушісі, бренд-войс, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, "ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері";
- Әсем Қонақбаева – Республикалық велоспорт федерациясының бас хатшысы;
- Ярослав Клименко – Engagement platform lead Parimatch.
Сарапшылар Қазақстан спорттық журналистикасын дамыту перспективалары туралы, спорт федерацияларының БАҚ-пен өзара әрекеттестігі туралы айтып, радиода спорт тақырыбын талқылады, беттингтің құпияларымен бөлісті және т.б. Шеберлік сағатын өткізу барысында тікелей трансляция ұйымдастырылды, бұл қатысушыларға іс-шараға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан қашықтан қосылуға мүмкіндік берді.
"Журналистер, дикторлар, федерациялар мен клубтардың өкілдері, спортшылар болсын біз бұл шараны спортпен қандай да бір байланысы бар кез келген адам үшін қолжетімді және өзекті етуге тырыстық.. Біз "Sports & Media deTalks" Қазақстанның бүгінгі спорттық журналистикасының өзекті мәселелері мен сұрақтары талқыланатын және олардың шешу жолдарын айқындайтын платформаға айналады деп сенеміз.
Мұндай тәсіл жалпы спорттық контенттің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және әрбір қатысушы мұнда өз ойын айтып, жаңа дүниелерді танып білуге мүмкіндік алады", – деп Parimatch Kazakhstan компаниясының басшысы Роман Бойко өз ойымен бөлісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1995262-sports-media-detalks-sport-zurnalistikasynyn-zana-dengeii/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.