Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық құраманың бұрынғы мүшесі Ақмарал Науатбек парадзюдодан әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Ақмарал Науатбек Қазақстан туымен
Ақмарал Науатбек. Фото: Спорт комитеті

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Ақмарал Науатбек чемпион атанды. Бұл туралы Спорт комитетінің ресми парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақмарал 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жетті.  Отандасымыз финалда паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, франциялық Ауриерес Мартинет Сандрин кездесіп, айқын басымдықпен ұтты.

Ал жартылай финалда Ақмарал Қытайлық Тайпей өкілін жеңген.

Еске сала кетейік, Ақмарал Науатбек дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі әрі ел чемпионы атанған. Ол көзінің көруі нашарлауына байланысты, парадзюдоға ауысып кетті.

Парадзюдодан әлем чемпионаты 8-11 қараша аралығында өтуде. Жарыста 41 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы сынға түседі.

Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996303-ulttyq-quramanyn-buryngy-musesi-aqmaral-nauatbek-paradzyudodan-alem-cempiony-atandy/

pixel