
Бүгін, 19 қарашада Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан құрамалары арасында жолдастық кездесу болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 21:30-да басталмақ.
Матчты қазақстандықтар Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушылары Абзал Бейсебеков, Аслан Дарабаев және Рамазан Оразовтың Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы жолдастық кездесуге қатыспайтынын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1997928-baa-men-qazaqstan-arasyndagy-matcta-qaidan-koruge-bolady/