Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирде топ жарды

Опубликовано:

Алан Құрманғалиев
Алан Құрманғалиев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алан Құрманғалиев Португалияның Вила-Нова-да-Гайя қаласында өткен үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дириекциясына сілтеме жасап.

Қазақстандық 15 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы финалда аустралиялық Адитья Саринді 3-2 есебімен жеңді.

Оған дейін Алан жартылай финалда румын Рашец Куэсдинді, ширек финалда тунистік Васим Эссидтен 3-2 есебімен басым түскен. Ал топтық кезеңде француз Натан Артур Пиларды ұтты (3-0).

Сондай-ақ қарағандылық үстел теннисінің шебері 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында да бақ сынаған. Бұл санатта ол ширек финалда жапониялық Реичи Есияманың мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1999284-alan-qurmangaliev-portugaliyadagy-turnirde-top-zardy/