Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каратэден Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды

Опубликовано:

Каратэ
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

16-20 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында WKF каратэден ересектер арасында он сегізінші, жастар мен кадеттер арасындағы жиырмасыншы және паракаратэден алғашқы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама намысын қорғайтын каратэшілер:

Әйелдер – Софья Берульцева (+68 келі), Лаура Әліқұл (-68 келі), Әсел Қанай (-61 келі), Әсемгүл Ердәулет (-55 келі), Диана Алиманова (-50 келі).

Ерлер – Диас Ұлбек, Бейбарыс Жаңбыр, Нұрнияз Елдашов (+84 келі), Дидар Әмірәлі (-67 келі), Қайсар Алпысбай (-60 келі), Низамиддин Қалматов (-55 келі), Нұрқанат Әжіқанов (-75 келі), Данияр Юлдашев, Игорь Чихмарев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы тек кумите бағдарламасында бақ сынайды. Ката сынында қазақстандықтар татамиге шықпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000357-karateden-aziya-cempionatynda-el-namysyn-qorgaityn-sportsylardyn-esimi-belgili-boldy/

pixel