Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Дәулетбеков АҚШ-та өткен әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

Опубликовано:

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанған сәт
Азамат Дәулетбеков. Фото: instagram/azamat_dauletbekov

Еркін күрестен Қазақстан командасының үздік балуандарының бірі Азамат Дәулетбеков биылғы маусымда тағы бір бағалы медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азамат Дәулетбеков UWW жұлдыздар құрамасы сапында еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта күрескен болатын.

Әлем құрамасы жарысты 2-айналымнан бастады. Аталған сында Азамат жапон Танцуия Шираиды ұтты (9-1). Алайда жартылай финалда ирандық Әлиреза Мұхаммед Каримимачианиден жеңілді.

Қола медаль үшін белдесуде грузиялық Сандро Аминашвиллиді 8-2 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, әлем кубогы додасына 2022 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша іріктелген 5 команда шақырту алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2001194-azamat-dauletbekov-aqs-ta-otken-alem-kuboginde-qola-zuldeger-atandy/

pixel