Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтылыққа енді

Опубликовано:

Артем Антропов
Артем Антропов. Фото:: instagram.com/artyom.antropov

Қазақстандық Артем Антропов Боготада (Колумбия) өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтыншы орын алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Артем Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қоссайыс қорытындысы бойынша 385 (163+222) келіні көтеріп, алтыншы орынға жайғасты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан командасының қоржынында екі медаль бар. Алексей Чуркин қола, ал Нұрғиса Әділетұлы күміс медаль жеңіп алды.

Арли Чонтей болса, жүлдеге қол созым жерден тоқтап, төртінші орынға табан тіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2001787-qazaqstandyq-auyr-atlet-alem-cempionatynda-altylyqqa-endi/

pixel