Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ресей құрамасының ойыншысы Қазақстанға ауысуы мүмкін

Опубликовано:

Мингян Бевеев жасыл алаңда
Мингян Бевеев. Фото: fc-ural.ru

Футболдан Ресейдің кеңейтілген құрамасына енген Мингян Бевеев Қазақстан командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Матч ТВ арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

27 жастағы футболшы мансабын астрахандық "Волгарда" бастаған. Қазір ол Екатеринбургтегі "Орал" клубының намысын қорғап жүр.

"Матч ТВ" мәліметінше, Бевеев келесі жылдан бастап Қазақстан командасы үшін алғашқы матчын өткізуі мүмкін.

Бұған дейін Мингян Бевеев қараша айында өткен Тәжікстан мен Өзбекстан құрамаларына қарсы өткен жолдыстық кездесудің кеңейтілген тізіміне енген.

Әйгілі transfermarkt.com сайтының мәліметінше, Бевеевтің қос азаматтығы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003264-baq-resei-quramasynyn-oiynsysy-qazaqstanga-auysuy-mumkin/

pixel