Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі норвегиялық шахматшы Алматыда бесінші рет әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Магнус Карлсен
Магнус Карлсен. Фото: Dean Mouhtaropoulos / Getty Images

Шахмат әлемінің ең жарық жұлдызы Магнус Карлсен Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында рапидтен алтын медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Чемпионат барысында Магнус мүмкін болған 13 ұпайдың онын жинады. Ол турнир барысында бір-ақ рет жеңілді. Норвегиялық шахматшы 11-кезеңде ресейлік Владислав Артемьевтен ұтылған.

Екінші орындағы Винсент Каймер (Германия) 9,5 ұпай еншіледі.

Ал үздік үштікті италиялық Фабиано Каруана тұйықтап тұр.

Айта кетелік, рапидтен әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Динара Сәдуақасова күміс медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003508-aigili-norvegiyalyq-saxmatsy-almatyda-tortinsi-ret-alem-cempiony-atandy/

pixel