Павлодарда адам өліміне әкелген жол апатынына қатысты тың дерек пайда болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, бірінші қаңтар күні сағат 23.30 шамасында "Павлодар-Майқапшағай" тасжолында, Кенжекөл ауылының маңында "Мазда 626" көлігі "ВАЗ 21074" көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан 1984 жылы туған "ВАЗ 21074" көлгінің жүргізушісі және 1986 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
"Мазданың" 33 жастағы жүргізушісі және жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, көліктер айып тұрағына қойылған.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталып, сараптама тағайындалған.
"Мазда 626 көлігінің жүргізушісі Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторы қамауға алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003958-pavlodardagy-zol-apatyna-qatysty-tyn-derek-syqty/