Қазақстандық Тимофей Скатов Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлемнің 144-ракеткасы Тимофей алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 215-орында тұрған америкалық Николас Морено де Альборанмен кездесіп, қарсыласынан айласын асырды (6:3, 6:4).
Енді отандық спортшы іріктеу сайысының финалына шығу үшін әлемнің 155-ракеткасы, чилилік Николас Харримен ойнамақ.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық, рейтингте 195-орындағы Михаил Кукушкин іріктеу сайысындағы алғашқы кездесуін әлемнің 157-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2004664-australian-open-2023-timofei-skatov-irikteu-saiysyn-zenispen-bastady/