jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Дүниежүзілік қысқы универсиаданы қайдан көруге болады

    шаңғы
    Көрнекі фото: pexels.com

    12 қаңтарда алауы тұтанатын Дүниежүзілік қысқы универсиаданы Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    12-22 қаңтар аралығында Америка Құрама штаттарының Лэйк-Плэсид қаласында Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтеді.

    Байрақты бәсекеге 50 елден 1 443 спортшы (832 ер адам, 611 әйел) қатысады деп күтілуде.

    Студенттер спорттың 12 түрінен 86 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

    Халықаралық жарыста Қазақстан намысын 78 спортшы қорғайды.

    Бұған дейінгі Универсиада ойындарында ел намысын қорғаған студенттердің ең үздік нәтижесі нәтижесі 2017 жылы Алматыда тіркелді. Өз еліміздегі жарыста 11 алтын, 8 күміс пен 17 қола (барлығы 36) медальмен Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орын алған еді.

    Дүниежүзілік қысқы универсиаданы қайдан көруге болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.