jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Australian Open: танымал журналист Рыбакинаның ең шеткі кортта ойнайтынына шүйлікті

    Елена Рыбакин кезекті матчын өткізіп жатыр
    Елена Рыбакина кортта. Фото: Frank Molter/picture alliance via Getty Images

    Биылғы маусымдағы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі басталуға жақын. 16 қаңтарда Мельбурнде Australian Open додасының жалауы желбірейді, деп жазады Bassport.kz.

    Қазақстан сапынан алғаш болып жарысты Елена Рыбакина бастайды. 2022 жылғы "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы әлемнің 67-ракеткасы, италиялық Элизабетта Коччареттоға қарсы шығады.

    Екі спортшы 2017 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінде жолығып, Рыбакина 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жеткен.

    Бір қызығы, жарысты ұйымдастырушылар Елена Рыбакина ойнайтын матчты ең шеткері орналасқан 13-кортқа белгілеген. Көптеген теннис сарапшылары "Уимблдон" жеңімпазы турнирдегі маңызды корттардың бірінде ойнауы тиіс деп есептейді.

    Белгілі журналист Бен Ротанберг осы әрекеті үшін ұйымдастырушыларды сынға алды.

    "Әйелдер арасындағы "Үлкен дулыға" ойындарының, турнирде жеңімпаз атанғандардың аз еместігін түсінемін. Бірақ, Уимблдонның чемпионы қашан осыншалықты тез еленбей қалып еді?" - деп жазды Ротенберг әлеуметтік желіде.

    Australian Open: танымал журналист Рыбакинаның ең шеткі кортта ойнайтынына шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.