Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз дайынбыз": Ресейліктер Қытайда өтетін Азия ойындарына қатысуы мүмкін

Опубликовано:

Абдулрашид Садулаев
Абдулрашид Садулаев. Фото: Naomi Baker/Getty Images

Азия Олимпиада кеңесі Ресей мен Беларусь спортшыларына Азия құрлығында өтетін жарыстарға қатысуға рұқсат берді. Құрлық додаларының ішінде Қытайда өтетін Азия ойындары да бар, деп хабарлайды Матч ТВ.

26 қаңтар күні Азия Олимпиада кеңесі Ресей мен Беларусь спортшыларына Азияда өтетін жарыстарға қатысу туралы ұсыныс тастады.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті екі ел спортшыларын барлық жарыстан шеттеткен болатын.

"Ресей құрамасы Азия ойындарына қатысуға дайын. Мұндай спорттық форумдағы мықты бәсекелестікке дайынбыз, ел намысын абыроймен қорғай аламыз", - деді Ресей спорттық күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006927-biz-daiynbyz-reseilikter-qytaida-otetin-aziya-oiyndaryna-qatysuy-mumkin/

pixel