jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлемдік ұйымдар шеттеткен ресейлік спортшылар алғаш рет ресми жарысқа қатыспақшы

    Қолғап
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Халықаралық Олимпиада комитеті бастаған әлемдік спорт ұйымдары Ресей спортшыларын барлық ірі жарыстан шеттеткен болатын. Былтырдан бері ірі турнирге қатыспаған ресейлік боксшылар үшін жол ашылды, деп жазады Матч ТВ арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ресей құрамасы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын барлық жарысқа қатысу құқығын алды. Бұған IBA-ны ресейлік бизнесмен Умар Кремлевтің басқарып отырғаны себеп болған.

    Кремлев Ресей спортшыларының жарысқа өз елінің туы мен әнұранын қолдана отырып, қатысуға мүмкіндік берген. Еске сала кетейік, Ресей спортшылары 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасынан бастап нейтралды ту астында өнер көрсетуде. Ал 2021 жылдың ақпанынан бастап барлық ресейлік спортшының әлемдік турнирге қатысуына толықтай тыйым салынған.

    Осы орайда, Ресей құрамасы Марокконың Марракеш қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады. Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында Токио Олимпиадасының жүлдегерлері де бар.

    Аталған сынға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады.

    Әлемдік ұйымдар шеттеткен ресейлік спортшылар алғаш рет ресми жарысқа қатыспақшы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.