Тағы бір қазақстандық спортшы Гран-при турнирінде жеңіліс тапты
Опубликовано:
Дзюдодан Португалияда Гран-при турнирі аяқталды. Қазақстандық Камила Берліқаш қола медаль үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта сынға түскен Камила кіші финалда 29 жастағы нидерландтық спортшы Карен Стивенсоннан ұтылды.
Спортшылар белдесуде қандай да бір әдіс жасаған жоқ. Тек ескерту санының көптігіне байланысты қазақстандық спортшы жеңіліске ұшырады.
Бүған дейін дәл осындай әдіспен дзюдошы Дидар Хамза да ұтылған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007219-tagy-bir-qazaqstandyq-sportsy-gran-pri-turnirinde-zenilis-tapty/