jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Тұрақтылықтың белгісі": Өтемұратов Рыбакинаның Australian Open турниріндегі нәтижесіне баға берді

    Рыбакина
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Елена Рыбакинаның Аустралия ашық біріншілігінідегі нәтижесіне баға берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

    "Мен Еленаға жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл - елімізде теннистің табысты дамып келе жатқанының көрінісі.

    Australian Open финалына дейін жету - шеберлік пен тұрақтылықтың белгісі. Дода барысында Елена әлемдік рейтингінің көшбасшысы Ига Швентекті, басқа да мықтыларды тізе бүктірді. Олардың үшеуі - "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы. Еленаның түрлі төсеніштегі корттарда өзін еркін сезініп, қарсыласына байланысты тактикасын сауатты құратыны, өз ойынын үнемі жетілдіріп келе жатқаны айқын көрініп тұр. Жылдың сәтті басталуы алдағы жеңістерге жол ашады деп үміттенемін", - деді Болат Өтемұратов.

    "Тұрақтылықтың белгісі": Өтемұратов Рыбакинаның Australian Open турниріндегі нәтижесіне баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.