jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның екінші ракеткасы Чили құрамасына қарсы матч туралы пікір білдірді

    теннис
    Тимофей Скатов. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракетасы Тимофей Скатов Дэвис кубогінің іріктеу матчына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Айта кетейік, Қазақстан теннис құрамасы 4-5 ақпан күндері Дэвис кубогінің іріктеу матчында Чили командасымен кездеседі.

    Ла Серена қаласында өтетін матчта Қазақстан жеңімпаз атанса, Дэвис кубогі – командалық әлем чемпионаты финалдық кезеңіне төртінші рет жолдама алады.

    Тимофей Скатов ел құрамасы сапында алғаш рет өнер көрсетпекші. Бір апта бұрын ол Чили құрамасы үздіктерінің бірі Алехандро Табиломен кездесіп, оны жеңген еді. Сондықтан бапкерлік штаб Скатовтан үлкен үміт күтіп отыр.

    "Не де болса, бәріне дайын болу қажет. Бәсеке ұзаққа созылып, өте тартысты өтіп, жүйкеге салмақ түсуі ықтимал. Оның үстіне біз сырт алаңда ойнаймыз. Жанкүйерлер өз теннисшілеріне қолдау көрсететіні анық. Дегенмен біз де мықтымыз, барымызды салатын боламыз. Толқыныс та жоқ емес. Бірақ капитан, барлық құрама және бүкіл еліміз менімен бірге, сондықтан өзімнің озық өнерімді көрсетуге әзірмін", - деді Қазақстанның екінші ракеткасы.

    Бапкерлер тәжірибелі Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұбына да сенім артады.

    "Чили сапында жұптық сында кез келген 4-5 ойыншы шыға алады. Олардың жекелей сында нәтижелері жақсы. Оңай матч болмасы анық. Сондықтан бәріне де дайынбыз", - деді Голубев.

    Қазақстан – Чили матчының жеребесі 3 ақпан күні тартылады.

    Қазақстанның екінші ракеткасы Чили құрамасына қарсы матч туралы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.