jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақтың қара қызын қолда": Әлем чемпионы атанған кениялық қыз қазақша мәлімдеме жасады (видео)

    Нора Джеруто Қазақстан туымен
    Нора Джеруто. Скриншот: instagram/qazathletics

    Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Нора Джеруто барша қазақстандық жанкүйерлерге қазақша сәлем жолдап, көпшілікті Астанадағы Азия біріншілігіне шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлем чемпионы атанған соң, Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыспаған Нора Астанада бақ сынайды. Осыған орай, ол жанкүйерлерге қазақша сөйледі. Аталған видео Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ресми парақшасында жарияланды.

    "Сәлем! Мен - Нора. Қазақтың қара қызы. Кел, халқым, қолда", - деді еліміздің көк туын жамылған желаяқ.

    Айта кетелік, 10-12 ақпан аралығында Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Ауқымды шараға 500-ден аса спортшы қатыспақ.

    Нора Джеруто 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанды. Ол 2017 жылы Қазақстан құрамасына Кениядан ауысып келген.

    "Қазақтың қара қызын қолда": Әлем чемпионы атанған кениялық қыз қазақша мәлімдеме жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.