Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: 19 жастағы испаниялық велошабандоз жол апатынан қаза тапты

Опубликовано:

Велошабандоз
Фото: Twitter /RodriFigura

Испаниялық велошабандоз Эстела Домингес жол апатынан қайтыс болды. Ол 19 жаста еді, деп жазады Marca.

Қайғылы жағдай кеше, 9 ақпан күні Испанияның Саламанка қаласында болды. Оны жаттығу кезінде жүк көлігі басып кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері тез арада келгенімен, спортшыны құтқара алмады.

Басылым мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі күн сәулесінің шағылысуынан велошабандозды көрмей қалуы мүмкін.

Айта кетейік, осы жылдың басында Эстела Домингес велосипед кросы бойынша Әлем чемпионатына қатысты. Ол белгілі испаниялық велошабандоз Хуан Карлос Домингестің қызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008915-baq-19-zastagy-ispaniyalyq-velosabandoz-zol-apatynan-qaza-tapty/